+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қостанайда 12 бойжеткен жыныстық құлдықта болған

2018 жылғы 10 сәуір 16:05
Бөлісіңіз:
Қостанайда 12 бойжеткен жыныстық құлдықта болған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген 24-31 жас аралығындағы күдікті топ ұсталды. Олардың арасында бір қыз бар. Полицейлердің айтуынша, күдіктілер материалдық жағдайы әлсіз қыздарды өздерінің таныстары арқылы тауып отырған.

«Ұйымдасқан топ жәбірленушілерді пәтерге шақырып, олармен бірге ішімдік ішеді. Мұнан соң қыздарды қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлеп келген. Барлығы 12 қыз қылмыстық топ «құрығына» ілінген. Олардың үшеуі балалар үйінен шыққан. Жеңгетайлық жасағандар қыздардың жеке құжаттарын тартып алған», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Бұған қоса, жеңгетайлардың тепкісіне түскен бойжеткендер жақындарымен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Алайда өздерінің жағдайлары туралы тіс жармаған.

Ведомствоның мәліметінше, қазір ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері ұсталды. ҚР ҚК бірнеше бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT