Қостанайда 1000 литр спирт сұйықтығын тасып жүрген азамат ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында көлікті тексеру барысында мың литр спирт қосылған сұйықтық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ҚР ҰҚҚ шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара бірлесіп, «Газель» маркалы автокөлігін ұстады.

«Көлікті 1991 жылы туған ҚР азаматы басқарған.

Автокөлікті тексеру барысында 5 литрлік ыдыстарға құйылған сұйықтық анықталып, тәркіленді. Спирт қосылған сұйықтықтың жалпы көлемі – 1000 литр. Аталған факт бойынша суррогаттық алкоголь өнімін жасауға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде»,- делінген ведомствоның ақпаратында.

Қазір мемлекеттік кірістер органы «Газель» жүргізушісін әкімшілікке жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ тәркіленген спирт өнімі денсаулық сақтау басқармасының қажеттілігіне жіберілді.


Соңғы жаңалықтар