Қостанайда 10 күн бұрын жоғалған жігіт табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

32 жастағы Андрей Зуев Қостанайдағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оның жоғалғаны туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына 22 қыркүйек күні 62 жастағы әжесі айтқан.

«Полиция қызметкерлері кісі жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісін қозғады. Оған облыстағы жеке құрам бағытталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлері оның мекенжайын анықтады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Іздеу салынған Андрей Зуев Ұзынкөл ауданындағы туысқандарының үйінде болған.

Соңғы жаңалықтар