«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» басшысы 4 жылға сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» КМК директоры Асқар Бекпағанбетов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап.
«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» КМК директоры Асқар Бекпағанбетов 4 жылға сотталды. Және оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сонымен қатар «Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен «АлатауСтрой-2009» ЖШС Төлеген Тұрлұғұлов мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген Агенттік хабарламасында.

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» КМК директоры А. Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, газмазут жанарғыларын жеткізуге «КосДинКом» ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзған. Сонымен қатар «Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС және «Алатаустрой-2009» ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-на жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа шарт жасасып, мемлекетке 15 млн теңге көлемінде залал келтірді.

Үкім заңды күшіне енді.


Соңғы жаңалықтар