Қостанай жастарына Президенттік кадрлық резервке іріктеу туралы түсіндірілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда президенттік кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесулер Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларында өтті. Облыс орталығында жастармен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат Мүксімов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Ақерке Бекахметова кездесті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында елде президенттік кадрлық резервін қалыптастыру қажеттілігі туралы жариялады. Осы бастаманың бас үйлестірушісі – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жас қазақстандық іріктеуден өту үшін онлайн платформа арқылы өтінімдерді жібере бастады. Белгілі бір салада жетістіктері бар жастар үшін резервке іріктеуден өтуге бірегей мүмкіндік туды. Мен біздің облыс жастарын өздерін сынауға және резервшілер тізіміне енуге шақырамын», - деп Департамент басшысы.

Филиал директоры үміткерлер арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқытылатынын айтты. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар PKRezerv.kz ресми сайтында жарияланды. Резервке жасы 35-тен аспаған, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес барлық ҚР азаматы қатыса алады.

«Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Сайттың басты бетінде кандидат инфографика түрінде Президенттік кадрлық резервіне іріктеу үдерісі туралы мәліметтермен таныса алады. Екінші кезеңде үміткерлер тест тапсырады. Үшінші кезең – кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарас деңгейін, уәждемесі мен құндылықтарын бағалау. Бұл үшін олар эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызды жобаларын таныстыру қажет», - деді Ақерке Бекахметова.

Төртінші кезеңде үміткерлер сараптамалық комиссия өкілдерімен әңгімелеседі. Осы кезеңге балдардың жиынтығында іріктеудің алдыңғы кезеңдері бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.



Соңғы жаңалықтар