Қостанай және Рудный қалаларына кіріп-шығуға уақытша тыйым салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Короновирус инфекциясымен күрес жөніндегі облыстық жедел штаб бір аптаға Қостанай және Рудный қалаларына кіріп-шығуға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы қаулыда көрсетілген адамдардан басқа азаматтардың Қостанай және Рудный қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салынсын. Бұл ретте, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етіледі. Жол парақтарын, жұмыс жүктемесі, тапсырма-жоспарларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәлігін көрсеткен кезде санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға болады», делінген Облыстық жедел штабтың қаулысында.

Сонымен облыстың аудан-қалаларына мына азаматтарға кіріп-шығуға рұқсат етіледі:

- халықтың тіршілігін қамтамасыз ететітн ұйымдардың қызметкерлері;

- медициналық көрсеткіштері бар адамдар;

- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;

- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;

-көлікті және табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс - шараларын, жол-жөндеу жұмыстарын, авариялық қызметтерді жүргізуге тартылған адамдарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілерді, сондай-ақ облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары бар барлық жүк көлігін растайтын құжаттар ұсынылған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жұмыскерлер үшін-жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама);

- құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге (саяжайларға) бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);

- жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы бар адамдар.

Уақытша карантин белгіленген Рудный қаласында мына қоғамдық көліктің жүріп-тұруына рұқсат беріледі: № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200. Сондай-ақ «ССКӨБ» АҚ қызметкерлерін сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін тасымалдау үшін бөлінген автокөліктер кедергісіз қозғалады.

Облыстық кірістер департаментінің автокөліктеріне сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кедергісіз қозғалуға рұқсат берілді.


Соңғы жаңалықтар