Қостанай және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Қостанай және Қызылорда облыстарына тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 қаңтар күні Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Дауыл соғу ықтималдығы - 90-95%.

20 қаңтар күні Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, 21-22 қаңтар күндері кей жерлерге тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар