Қостанай университетіндегі кісі өлімі: Оқытушы кафедра меңгерушісі болған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінде өзінің күйеуінің қолынан қаза тапқан 35 жастағы Ольга Исенова инженерлік-технология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ольга Исенова Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын аяқтап, З.Алдамжар атындағы Қостанай университетіне қызметке тұрған. Қостанайлық БАҚ-та жазылғанындай,  университет күзетшілері қаза болған оқытушының күйеуін таныған. Ал оның оқу орнына суық қару алып кіргендігін университет қызметкерлері растаған жоқ.

Еске салсақ, кеше ер адам университетке келіп, оқытушыны пышақтап тастаған.

Артынша өзі ғимараттың сегізінші қабатынан секіріп, көз жұмды. Жәбірленуші оның әйелі болған. Ерлі-зайыптылардың артында екі баласы қалды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар