Қостанай университетіндегі қайғылы жағдай: ерлі-зайыптылардың артында екі баласы қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінде 35 жастағы оқытушы Ольга Исеноваға өзінің күйеуі бірнеше жерден пышақ салған. Бұл туралы  Қостанай қаласы ІІБ «Солтүстік» бөлімшесінің бастығы Жансерік Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзара жанжалдан соң 36 жастағы ер адам 35 жастағы әйелге бірнеше жерден пышақ салды. Алған жарақаттардан соң ол көз жұмды. Қылмыс жасаған ер адам өз-өзіне қол жұмсап, ғимараттың сегізінші қабатынан секіріп кетті», - деді Ж.Хасанов облыстық ІІД баспасөз қызметінің брифингінде.

Еске салсақ, кеше ер адам университетке келіп, оқытушыны пышақтап тастаған. 

Өзінің күйеуінің қолынан қаза тапқан 35 жастағы Ольга Исенова З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінде инженерлік-технология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ерлі-зайыптылардың артында қалған екі бала қамқоршылық органдарына тапсырылады.

Қазір аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99 және 105-баптарымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар