Қостанай ТЖД қызметкерлеріне ресейлік құтқарушылар көмектеспек

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жиында алдағы су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк айтқандай, көктем мезгілінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық сақтық шаралары қолданылады. 

«Негізі, жұмыстар сел жүру қаупі бар елді мекендерде өтеді. Өткен жылдардағы жағдай қайталанбас үшін қазірден бастап шалғай ауылдар мен оқу орындарына, мекемелерге хабар беріңіздер. Су тасқынына дайындық шараларын пысықтаңыздар. Кез келген жағдайға дайын тұруымыз қажет», - деді Карплюк.

Қостанай облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Талғат Кәкімовтің айтуынша, сел жүру маусымына дайындалу үшін Ресей ТЖМ және өзге де шекаралас аймақтармен бірігіп жұмыс істеу шаралары ұйымдастырылды. Олар кез келген сәтте көмектесуге әзір.

«Бүгінде қала және ауыл әкімдіктерімен бірлесе су басу қаупі бар аймақтарды қатаң қадағалауға алдық. Адамдардың тегі бойынша тізім жасалып, жан-жануар мен мүліктерді көшіру аймағы анықталды. Зейнеткерлер, балалар, мүгедектер мен жүкті әйелдер бөлек есепке алынды. Азаматтарды уақытша көшіру үшін 132 нысан дайындалды. Оның 31-і - киіз үй. Бұдан бөлек 2997 кереует, 6067 төсек жабдық, 6 тоннаға жақын азық түлік бар», - деп баяндады Талғат Кәкімов.

Соңғы жаңалықтар