Қостанай түрмесіндегі наубайхана 20 дүкенді нанмен қамтамасыз етеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы УК 161/12 түзеу мекемесінде жұмыс істейтін кәсіпорындар саны көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Қостанайдағы УК 161/12 түзеу мекемесіне барып, жазасын өтеушілерді кәсіпке тарту бойынша кездесу өткізді. Бүгінде УК 161/12 түрмесіндегі 200 сотталушыны Әділет министрлігіне қарасты «Еңбек - Қостанай» шаруашылық жүргізу кәсіпорны жұмыспен қамтып отыр. Оның сыртында түзеу мекемесінің шаруашылық ғимаратын 15 серіктестік жалға алған. Мұнда тек жазасын өтеушілер ғана жұмыс істейді. Марат Жүндібаевтың айтуынша, темір тордағыларды еңбекпен қамтып, кәсіпке үйрету олардың бостандыққа шыққаннан кейінгі өміріне оң ықпалын тигізеді.
null 

«Облыс түрмелерінде 3 колледж жұмыс істейді. Оның бірі - Әулиекөлде, екеуі - Қостанайда. Жұмыспен қамтылғандар кемі 28 мың теңге жалақы алады. Орташа жалақы - 42 мың теңге. Кәсіппен айналысатын жазасын өтеушілерге барлық жағдай жасалды. Қазірдің өзінде киіздер жасап, киім тігеді, ағаш өнімдерін шығарады. Облыс орталығындағы жеке кәсіпкерлер де түрмеде іс жүргізуге қызығушылық танытып отыр. Себебі, бұл тәсіл екі жаққа да тиімді. Кәсіпкерлер арзан бағаға орын жалдап, кәсібін дөңгелетсе, сотталғандар жұмысы үшін ақша табады. Бастысы, бұл түрмедегілерді жақсы бағытқа тәрбиелейді. Бостандыққа шыққан соң бастаған істерін жалғастыруға мүмкіндік алады», - дейді Марат Жүндібаев.null

Түзеу мекемесі аумағында 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Ағаш, темір өңдеу, «шлакоблок», «брусчатка», металл бұйымдарын жасайтын цех ашылды. Кешкі мектеп жұмыс істейді. 70-ке жуық адам білім алады. Құрылыс және тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің мамандары сабақ береді. Сотталғандардың барлығы жұмыс берушілермен келісім-шартқа отырған. Кейбірі тапқан пайдасын жақындарына жібереді.

«Түзеу мекемесі жанында шағын тігін цехтары, ұсталық шеберханалар мен наубайханалар бар. Тек наубайхананың өзі қаладағы 20 азық-түлік дүкенін нанмен қамтамасыз етіп отыр. Бір тәулікте 2700 бөлке нан пісіреді. Бұған қоса «Адлер-KST» серіктестігі 20 жылдан бері астық өңдеумен айналысып келеді. Серіктестік құрамында 21 жазасын өтеуші бар. Олар бұршақ жармасын Тәжікстан, Ауғанстан, Иранға экспортқа шығарады», - деді УК 161/12 түзеу мекемесінің бастығы Құмарбек Ибраев. 
null 

Марат Жүндібаев айтқандай, жазасын өтеушілердің сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан білім басқармасымен келісе отырып, түзеу мекемесінде қосымша пәндер оқытылады.

null null 

Соңғы жаңалықтар