Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларына граната тапсырды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына өз еркімен Ф-1 гранатасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнына Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Қала тұрғыны атқарушы орган өкілдеріне тот басқан Ф-1 оқу гранатасын тапсырды.

«Қарудың тұтандырғышы жоқ. Облыстық ІІД қызметкерлерінің арнайы тексеру шараларынан соң жарылғыш жоюға жіберіледі», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Айта кетерлігі, қауіпті жарылғышты қабылдап алуға атқарушы органдардың 20 өкілі қатысты. 

Соңғы жаңалықтар