Қостанай тұрғыны сотқа мас күйінде келген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны сот отырысына мас күйінде келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мендіқара аудандық соты Е. есімді азаматты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653- бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

«Облыс тұрғыны Е. сот үкімі бойынша бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы өзіне қатысты ұсынысын қарау бойынша сот отырысы белгіленген уақытқа мас күйінде келді. Мендіқара ауданы пробация бөлімі оны сотқа құрметтемеушілік танытты деп шешті», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, айыпталушы орташа дәрежеде мас болған. Сот отырысында ол әкімшілік құқықбұзушылығын толықтай мойындады. 

Соңғы жаңалықтар