11:25, 14 Қаңтар 2018 | GMT +6
Қостанай тұрғыны өзіне пышақ салған әйелін кешірді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әйелі пышақ сұғып алған Қостанай тұрғыны зайыбына ешқандай кінә тақпайтынын айтып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 2 қаңтар күні Котлованное ауылында болған.
«Бірге спиртті ішімдік ішіп отырып, масайған әйел күйеуіне пышақ сұғып алады. 31 жастағы жәбірленуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Ер адам әйеліне ешқандай кіна тақпайтынын айтты», - дейді полиция қызметкерлері.
Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.