Қостанай тұрғыны өлер алдында баласын тұншықтырғанын мойындады - полиция

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД баспасөз қызметі Жітіқара ауданында қаза тапқан 4 жасар балаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға Қостанай облысының Жітіқара ауданында болған. 

«Осы жылдың 16 қыркүйегінде 44 жастағы ер адам кәмелеттік жасқа толмаған баласын азаматтық некедегі әйелінен ұрлап алып кеткен. Өз үйіне әкеліп, баласын тұншықтырып өлтіреді. Содан кейін өзіне пышақ салған. Аталмыш азамат сол күні ауыр дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға түсті», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлермен әңгіме барысында күдікті баласын тұншықтырып өлтіргенін мойындаған. 

«Күдікті көп мөлшерде қан жоғалтып, бірнеше сағаттан соң ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ІІД хабарламасында.

Ведомствода белгілі болғандай, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып кетті.

 

Соңғы жаңалықтар