+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қостанай тұрғыны ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста қалдырып кеткен

2021 жылғы 18 қазан 11:06
Бөлісіңіз:
Қостанай тұрғыны ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін автобуста қалдырып кеткен

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдың патрульдік полиция қызметкерлері ауыл тұрғынының сөмкесін қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жас жігіт көпірден секірмекке әрекеттенген Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен

Қостанай ауданының Алтын дала ауылының тұрғыны облыс орталығында автобуста ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін қалдырып кеткен.

«Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұлов 16 қазан күні сол ауданда қызметте болған. Қайырбеков-Қорған қиылысында «КАМАЗ» автокөлігінің жүргізушісі Кенжебек Кәдиев олардан көмек сұраған. Ер адам әйелінің хабарласып, ішінде ақша бар сөмкені автобуста қалдырып кеткенін айтып берген. Сөмкені қалдырып кеткенін әйел тек үйіне қайтар жолда ғана байқаған. Ол полицейлерге маршрут нөмірін айтты. Бірнеше минуттың ішінде полицейлер автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға дейін жеткен. Жүргізуші сөмкені ер адамға тапсырды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Кенжебек Кәдиев тәртіп сақшыларына жылдам көрсетілген көмек үшін алғыс айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT