Қостанай тұрғыны бір айда елордалықтардың 8 көлігін ұрлаған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері сегіз автокөлікті ұрлады деген күдікпен Қостанай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жалпы құны 285 мың теңге тұратын жеке мүліктің ұрланғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті ақша, ұялы телефон, құжаттар мен киім-кешектерді ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті елордадан ұсталды. Ол Қостанай облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Тергеу шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері жеке мүлік ұрлығынан басқа, күдікті 2019 жылдың тек қазан айында сегіз автокөлікті айдап кеткенін анықтады. Олардың арасында ВАЗ, Volkswagen Golf, ГАЗ, Mazda маркалы көліктер бар. Ұрланған машиналар иелеріне қайтарылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар