+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Қостанай тұрғыны баласының емделуіне көмектескен полицейге алғыс айтты

2020 жылғы 4 желтоқсан 16:15
Бөлісіңіз:
Қостанай тұрғыны баласының емделуіне көмектескен полицейге алғыс айтты

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны баласының еміне көмек көрсеткен тәртіп сақшысына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО

Қарасу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын Татьяна Алпысбаева келіп, учаскелік инспектор Бақытбек Хамидуллинге алғысын білдірді. Тәртіп сақшысы бірнеше жыл бойы зейнеткердің отбасына көмектесіп келген. 70 жастағы зейнеткер 45 жастағы жұмыссыз ұлымен бірге тұрады. Алайда баласы жиі ішімдік ішіп, ұрыс шығарады. Анасы осындай сәтте бірден учаскелік полиция қызметкерін шақырады.

«Зейнеткер полиция капитаны Бақытбек Хамидуллиннен ұлын алкогольден мәжбүрлеп емдеуге көмектесуін сұрады. Полицей барлық жағдайды біліп, оны назардан тыс қалдырмады. Б. Хамидуллин қысқа мерзімде өзінің «қамқорлығындағы» ер адамды маскүнемдіктен емдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинап, облыс орталығына наркологқа апарды. Материалдар сотқа жіберіліп, енді ауыл тұрғыны жарты жыл бойы Қостанай қаласында емделетін болады. 70 жастағы зейнеткер тәртіп сақшысына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді», делінген полицияның баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT