Қостанай тұрғыны баласын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Жітіқара ауданында пәтерден 44 жастағы ер адам мен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Ксения Жылқыбаева растады. Оқиға 16 қыркүйек күні Жітіқара ауданында болған. Сағат 21:25-те жедел жәрдем қызметіне хабар келіп түскен.

«Үй ішінен 1974 жылы туған ер адам мен 4 жасар баланың денесі табылды. Баланың денесі сіресіп қалған. Белгілі болғандай, баланың әкесі көрші бөлмеде өзіне пышақ сұққан. Ол Жітіқара ауруханасына бүгін түнде жеткізіліп, сол жерде дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды», - деді К.Жылқыбаева.

Басқарма мәліметінше, әкесі баласын тұншықтырып өлтірген. Себебі оның мойын тұсы көгерген.

Ал облыстық ІІД аталған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар