Қостанай соты алғашқы фронт-офисін ашты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының экономикалық соты алғашқы фронт-офисін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған кеңседе келушілер үшін ақпараттық орталық, медиатор, нотариус, адвокат және өзін-өзі басқару бөлімі ашылған.

«Бұл - халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін мекеме. Мұнда мәселенің дер кезінде, әділ шешілуіне барлық жағдай жасалған. Яғни, орталықта көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі электронды жүйеге көшірілген. Демек, қоғамда дау-дамай туындайтын болса, бұрынғыдай ұзақ уақытқа созылмай, қысқа мерзімде шешіледі деген сөз. Сонымен қатар, мұнда дауларды сотқа дейін жеткізбей шешу үшін жұмыс істейтін медиация кабинеті қарастырылған. Онда тараптардың мәселесін әділ шешіп, істі тоқтатумен айналысатын кәсіби мамандар бар», - деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Фронт-офистің күту залында келушілерге жағдай жасалған, интернет желісі, ұялы телефонды қуаттау көздерімен де жабдықталған.

Одан бөлек, кеңседе «Виртуалды сот отырысы» жүйесі жұмыс істейді. Бұл жоба еліміздің кез-келген жеріндегі сот отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысының 13 аудан және қаласындағы полиция бөлімшілерінде фронт-офистер ашылды.

Фото/ kstnews.kz

Соңғы жаңалықтар