Қостанай полициясы мереке күндері бес жедел-алдын алу шарасын өткізді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мереке күндері Қостанай облыстық ІІД-нің қызметкерлері бірнеше жедел-алдын алу шарасын өткізді («Қауіпсіз жол», «Борышкер», «Жасөспірім», «Шырша» және «Пиротехника»).

«Желтоқсан айының соңында өткізілген «Шырша» операциясының барысында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің жеті фактісі анықталды. Барлық фактілердегі құқық бұзушыларға қатысты ҚР Құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 283 бабының 1 бөлімімен (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) әкімшілік істер жиналды. Бұл материалдар әкімшілік соттарға жіберілді», - делінген облыстық ІІД-нің хабарламасында.

Облыс аумағында өткен айда басталған «Пиротехника» шарасы жалғасуда. Ол пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілерін болдырмау, сондай-ақ қайғылы оқиғалардың болуына жол бермеу мақсатын ұстанады.

Қостанай облысында 127 арнайы құрылған жедел топтың қызмет етіп жүргені хабарланды, олар 415 рейд өткізіп, көңіл көтеру орындарының басшыларына келушілердің, клиенттердің және қызметкерлердің жеке және мүліктік қауіпсіздігі шараларын алу қажеттілігі туралы 173 хабарлама жасады.

Осылайша, Рудный қаласында тиісті құжаттары жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатудың екі фактісі анықталды.

Соңғы жаңалықтар