Қостанай полициясы интернет-алаяқтардан сақтануға шақырады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қостанай облысында интернеттегі алаяқтық іс-әрекеттермен байланысты 353 қылмыс тіркелген. Қылмыстан келген шығын сомасы 2 мыңнан бастап 10 миллион теңгеге дейін, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияда хабарланғандай, интернеттегі алаяқтық іс-әрекеттердің ең көп тараған түрі - көпке танымал Kolesa.kz, Krisha.kz, OLX.kz сияқты сайттар арқылы жүзеге асады. Әсіресе,тұрғындар аталған сайттардағы нарықтағы бағадан төмен сатылатын тауарлар туралы хабарландыруларға көп ұрынады. Онда жәбірленушілердің көбі алаяқтың шотына электрондық төлеу құралдары арқылы ақша аударып, алданып қалады.

Департаменттің ақпаратына сүйенсек, қазір Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунттардың таратылу айналымы артып келеді. Олар қандай да бір тауарларды бөліп сату, «1+1» акциясы бойынша тауардың төмендетілген бағасын ұсынады. Сонымен қатар тауарға қосымша сыйлық беруге және тегін жеткізуге уәде етеді.

Алаяқтардың белсенді жұмыс істеп жатқандарын жарнама сайттарының иелері де байқап отыр. Әдетте клиенттерді алдағысы келетін сатушы «шет елге көшіп бара жатырмын» деген желеумен тауарды екі есе арзан бағаға ұсынады. Хабарласқан барлық клиенттерге өзінің картасына кепілпұл жіберуін сұрайды, ақшаны алған соң ол зым-зия жоқ болады. Автокөліктерге тапсырыс берген ірі кәсіпорындарды, шағын кәсіпкерлер болсын, осындай жолмен «лақтырып» кетеді. Жәбірленушілерді алдап соққан қылмыскерлер әдетте олармен жеке түрде емес, әлеуметтік желілер немесе телефон арқылы байланысқа шығады. Сатып алуларды талқылау кезінде қылмыскерлер жалған құжаттар, мекенжай анықтамаларын пайдаланып отырады.

«Ғаламтордағы алаяқтардың арбауына түспес үшін әлеуметтік желідегі күмәнді жарнамаларға назар аудармауға тырысыңыз. Тегін интернет-порталдары арқылы мүлік саудасына, тауарды сатып аларда алдын ала төлем жасамау керек. Бөтен адамдарға ақша аударудан бас тартыңыз. Қостанай облысының полиция департаменті азаматтарды барынша қырағы болуға шақырады. Егер сауда-саттықты интернет арқылы сатып алу қажеттілігі туындаса, хабарландыруды мұқият зерделеу, оны орналастырған тұлға туралы ақпаратты қарау, басқа сатып алушылардың пікірлерін зерделеу қажет. Сондай-ақ, қылмыскерлер қосымша есептік жазбаларды пайдалана отырып, өзі туралы оң пікір қалдыра алатынын ескерген абзал. Бұдан басқа, алаяқтар бұрын азаматтар жоғалған құжаттарды пайдаланады», - дейді полиция департаментіндегілер.

Соңғы жаңалықтар