Қостанай полицейлері қоғамдық көліктердегі тексерісті күшейтпек

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында автобустар тексеруден өтеді. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов патрульдік полицияның гарнизондық жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент бастығы жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі белгілеген басым міндеттерге тоқталды. Бұған қоса қоғамдық көліктердің тексерілуіне байланысты мәлімдеме жасады.

«Полиция – мемлекеттің күш құралы ретінде емес, азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету жөніндегі орган. Жолдауда адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы екені атап өтілді. 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасы да осыған бағытталған. Негізі, облыста жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы болған. Аталған апаттарға автобус жүргізушілері кінәлі екені дәледенген. Автобустардың техникалық жағдайына назар аудару қажет және тізгіншінің «Д» санатындағы жүргізуші куәлігі маңызды. Алдағы уақытта облыстағы қоғамдық көліктер толығымен тексеруден өтеді», - деп атап полиция басшысы.

Жалпы, осыдан бір жыл бұрын облыс орталығының патрульдік полиция қызметкерлері автопатрульдер мен стационарлық бекеттердің кезекшілерін қысқарту есебінен жаяу патрульдеуге ауыстырылды.

Генерал ақпаратына сүйенсек, өңірде жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлерімен 500-ге жуық қылмыстық іс жедел ашылып, 70 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


Соңғы жаңалықтар