Қостанай полицейлері қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық аза тұту күнінде Қостанай қаласында полицейлер қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов өткізді.

«Қазақстан Республикасындағы лаңкестік әрекет салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты ел Президенті 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қаруланған қылмыскерлердің қолдарынан полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қаза тапты. Ерлік пен батырлық көрсете отырып, олар өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін орындады. Олар туралы естеліктер әріптестері мен бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады», - деді полиция ведомствосының жетекшісі.

Тәртіп сақшылары қазіргі кезде қылмыскерлерді іздестіру мен қамауға алу мақсатында барлық шараларды жүзеге асырып жатыр.

Қостанай облысында операция басталғаннан бері ішкі істер органдарына 700 адам жеткізілді, 281 адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Авторы: Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар