Қостанай полицейлері Елбасына арналған көрме бұрышын ашты

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облысының полиция департаментінде «Ұлы тұлға есімі – Мәңгі тарих бесігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрменің мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы, қоғамның жаңаруы мен жаңғыруындағы тарихи рөлі мен үлесін көрсету, тәртіп сақшыларының патриоттық сезімін қалыптастыру. Шараны полицейлер Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Облыс департаменті қызметкерлерінің назарына Елбасының өмір жолы, балалық және жастық шағы, жұмысшы мамандығын игеру және еңбек күндері, қоғамдық-саяси қызметі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар мен басылымдар ұсынылды.
«Тұңғыш Президенттің өмір жолын зерделей отырып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын көруге болады», - дейді полиция майоры Ринат Кенжебаев.
2019 жылдың соңғы жаңалықтарының бірі – «Біздің Президент» кітабы. Ерекше кітапта Тұңғыш Президенттің жұмыс сапарлары кезінде түсірілген.
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
- Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты
- «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді
- Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
-
Архимед Мұхамбетов жергілікті театр әртістерімен кездесті
-
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам