Қостанай облысының жолдарында блокпостар қойылып жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының трассаларына блокпостар орнатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындар облыс периметріне қойылып жатқан блокпостардың фотоларын әлеуметтік желіде жариялауда. Блокпостардағы полицейлердің айтуынша, әзірге Қостанай - Рудный және Қостанай - Әулиекөл тасжолында блокпостар қойылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін өңірлік жедел штабтың отырысы өтеді.

Еске салсақ, Көкшетауда карантин қайта күшейтіліп, қала сыртына 7 блокпост, сондай-ақ, СҚО-да коронавирус инфекциясы табылған аудандарға блокпост қойылуда.
Соңғы жаңалықтар