Қостанай облысының үш қаласы жарықсыз, жылусыз қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Ауа райының күрт құбылуына байланысты Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларында коммуналдық қызметтер тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің жанындағы арнайы штабтың мәліметіне сүйенсек, қалалардағы коммуналдық қызметтердің істен шығуы боран мен қатты желдің салдарынан болған. Ғимараттар қирап, автокөліктер қар астында қалған. Бірнеше нысанның жұмысы тоқтады.

«Қалаларда орталық жарық, су және жылу желілерінде ақау пайда болды. Қостанай қаласы электр станциясында апаттық жағдай орын алып, бірнеше желі істен шықты. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз», - деп жазды Штаб қызметі.

Сағат 22.00 шамасында Қостанай және Рудный қалаларының кей шағынаудандарында жарық жүйесі қосылған.

«Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, барлық нысан меншігінің басшыларын өз қызметкерлерін жуыр уақытта жұмыстан босатуын сұраймыз. Сонымен бірге электр мен сумен жүйісінің тоқтауына түсіністікпен қараңыздар. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимінде жұмыс істеп жатыр. Апат жойылған соң электр мен су жүйесі қалпына келтіріледі. Құрметті қала тұрғындары! Бәріңіз үйде қалыңыздар және сыртқа жолға шықпаңыздар»,- деп жазды Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов әлеуметтік желіде.

Лисаков қаласы да біраз уақыт сусыз және жылусыз отыруға мәжбүр болды. Электр қуаты желдің салдарынан таңертең 09.00 шамасында ағытылған. «Лисаковскгоркоммунэнерго» МКК бас директоры Жеңіс Махамбетовтің айтуынша, қолайсыздықтар таң атқанша қалпына келтіріледі.


Соңғы жаңалықтар