Қостанай облысының түзету мекемесінде Наурыз мейрамына орай «ашық есік күні» өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Құсмұрын кентінде орналасқан түзету мекемесінде Наурыз мейрамына орайластырылған «ашық есік күні» өтті. Бұл туралы аталған өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен хабарлады.

«Сотталушылар арасында бұл күн психологиялық жағынан маңызды. Тәжірибе жақындары және туыстарымен кездесуден кейін адамның ертеңгі күніне сенімділігі пайда болып, оны үйде күтіп отырғанына көз жеткізеді. Бұдан басқа, сотталған адам қандай да бір деңгейде заңға көбірек бағына бастайды», - деп атап өтті Құсмұрын кентіндегі УК-161/4 мекемесінің сотталушылар арасындағы тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы Жұмағазы Баймағанбетов.

Сотталғандардың туыстары барлығын мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, үйлеріне, туыстары мен жақындарына тезірек оралуды тіледі. Сондай-ақ сотталғандардың тұрмыстық жағдайымен танысу мақсатында мекеме аумағы бойынша экскурсия өткізіліп, олардың туыстарын жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізілді, деді Ж.Баймағанбетов.

Соңғы жаңалықтар