Қостанай облысының тұрғыны 4 киікті атып, мүйіздерін кесіп алған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жангелдин аудандық полиция бөлімі және табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірге Торғай - Арқалық автожолында, Шұбалаң кентінің маңында тұрған «Тойота» автомашинасынан киік мүйіздерін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік жүргізушісі ұсталған.

«Рульде Жангелдин ауданы Ақкөл кентінің 38 жастағы тұрғыны болды. Автомашинаны тексеру кезінде киіктің мүйіздері және 12-калибр патрондары табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмысын мойындаған. Оның айтуынша, заңсыз аң аулап, 4 киікті атқан да, олардың мүйіздерін кесіп алған. Ал өлекселерін тастап кеткен. Полицейлер күдікті аң аулаған жерге барып,  өлі жатқан киіктерді тапты», - деп мәлімдейді департамент өкілдері.

Ер адам аң аулайтын мылтығын өз еркімен тапсырған.

Ашық қылмыстық іс бойынша сараптамалар белгіленді.

Соңғы жаңалықтар