Қостанай облысының тұрғын есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Есірткі сатумен айналысқан өостналайқы тұрғын 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құсмұрын кентінде есірткі заттарын таратқан 48 жастағы ер адамды ұстаған.

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаевтың айтуына қарағанда, тінту кезінде ол жатқан бөлмеден 2,8 грамм гашиш, 3,58 грамм кептірілген марихуана табылған. Сондай-ақ жылыту қазандығының қуысынан жалпы салмағы 337,88 грамм болатын марихуана түйілген бес түйіншек алынған.

«Аталған факт бойынша көлік полицейлері ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 2-бөлігі (ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткі заттарын сақтау мен сатудағы кінәсі толық дәлелденді», - дейді Нұржан Әлібаев.

Оның айтуынша, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.


Соңғы жаңалықтар