Қостанай облысының периметрі бойынша 14 блокпост қойылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының аумағы бойынша 14 блокбекет орнатылды. ҚазАқпарат бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Елді мекендер арасындағы автобус қатынасы толық тоқтатылды. Тек арнайы қызмет көліктері мен тауар тасымалдаушылардың қозғалысына рұқсат бар. Оның өзінде көлік ішінде екі адам ғана болуы шарт.

Сенбі күні журналистермен брифинг өткізген Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков осы талаптарды бұзғандарға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері заңсыз іс-әрекеттері үшін облыста 650-ден астам адам ұсталған. 220 адамға қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді. Олардың барлығы 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Одан бөлек, Қылмыстық кодекстің «Ғимарат, нысандарға шабуыл жасап, басып алу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Заңсыз наразылық акциясы кезінде Қостанай қаласының орталығындағы облыстық әкімдік ғимаратына басып кіруге талпынғандардың іс-әрекеті толық құжаттандырылған. Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін ол адамдардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң бойынша ондай қылмысқа барғандарға дүние-мүлкін тәркілеу, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Қостанай облысының коменданты Қайрат Дүйсембеков.


Соңғы жаңалықтар