+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қостанай облысының Нұр-Сұлтанға шығар жолы ақылы болады

2021 жылғы 13 қаңтар 18:50
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының Нұр-Сұлтанға шығар жолы ақылы болады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында алғашқы ақылы жол пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Андрей Горватқа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады

2021 жылы Қостанай облысының Нұр-Сұлтан қаласына өтетін жолы ақылы болады. Андрей Горваттың айтуынша, ақылы жолдың ұзындығы 422 шақырымға созылған. Бұған қоса Қостанай облысының Ресеймен шектесетін Федоров және Қарабалық аудандарының жолдарына да жолақы жүйесі енгізілуі мүмкін.

«Ақылы бекеттер жақын арада қойылады. Мұндай шара республикалық бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін енгізілді. Ақылы жолдан түскен пайда облыстағы жолдарды жөндеуге жұмсалады. Бастапқыда ақша тек жүк көліктерінің жүргізушілерінен жиналады. Жол жүру құны көліктің жүк көтергіштігіне байланысты болады. Нақты тариф құны әлі талқыланады. Алдымен Қаржы министрлігіне шығып, тиісті құжаттарды бекітеміз. Бірақ жолға енгізілетін баға Щучье-Бурабайдағы жолдан қымбат болмауы тиіс», - деп атап өтті Андрей Горват.

Қостанай облысындағы ақылы жолдарына шлагбаумдар орнатылмайды. Мұнда тек арнайы бақылау камералары қойылады. Камералар жүк машиналарының нөмірлерін тіркейді, ал жолды пайдалану үшін төлемді онлайн немесе қолма-қол ақшамен 2 бекетте төлеуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT