Қостанай облысының Науырзым ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
Фото: kstnews.kz
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Қостанай облысы Науырзым ауданының әкімі болып Мәди Ихтиляпов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәди Өмірзақұлы 1978 жылы Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1999 жылдың тамыз айында Науырзым ауданы Шолақсай орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастаған.

2001-2012 жылдары Науырзым ауданының «Ардагер-1» ЖШС атқарушы директоры, «Шолақсай-1» ЖШС директорының орынбасары, «Ардагер-1» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қаңтар айынан – «Шолақсай-1» ЖШС директоры.

Сондай-ақ, 2020 жылдың ақпан айынан бастап «Түбек» ЖШС құрылтайшысы және директоры қызметін атқарды.

Науырзым аудандық мәслихатының үш шақырылым депутаты, Қостанай облыстық мәслихатының жетінші және сегізінші шақырылым депутаты, өңірдің бюджеті және экономикасын дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі.


Соңғы жаңалықтар