Қостанай облысының Меңдіқара ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысы Мендіқара ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мендіқара ауданының әкімі болып Нұрлан Қатарбеков тағайындалды. Жергілікті активке жаңа басшыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

«Аудандық мәслиxатпен келісе отырып, Нұрлан Жеңісұлы Қатарбеков Меңдіқара ауданының әкімі қызметіне кіріседі. Оның тәжірибесі мол. Сондықтан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенімдіміз»,- деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Нұрлан Қатарбеков 1981 жылы Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген.

Ол бұған дейін облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар