+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қостанай облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылғы 28 қазан 10:02
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы келді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімінің өкімімен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Берік Таңжарықов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы табиғи ресурстарды пайдалану басқармасына жаңа басшы тағайындалды Қарулы күштер Бас штаб бастығының жаңа орынбасары тағайындалды БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Архимед Мұхамбетов жаңа басшыны барлық өңір әкімдерімен өткен селекторлық жиында таныстырды.

«Берік Қуанышұлы бұған дейін облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұл салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Оған тұрғын үй саласында жүктелетін міндеттер көп. Солардың бірі – жыл аяғына дейін тұрғын үй құрылысына жоспарланған қаржыны тиімді игеру», - деді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетовтің тапсырмасы бойынша, Берік Таңжарықов қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, облыстың жылдық жоспарын жасайды. Ол құжатта 2020-2022 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының перспективалары және құрылыс аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу мәселелері түзіледі.

Айта кетейік, бұған дейін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болған Нұрлан Қатарбеков аудан әкімі қызметіне ауысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT