Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалған Зәуре Әнуарбекқызы Бәйменованы бүгін аппарат мәжілісінде өңір әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Зауре Бәйменова 1972 жылы мамыр айында Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген. Арқалық педагогикалық институты мен Қостанай Бизнес және басқару институтын бітірген.

Әр жылдары қазақ және орыс тілдерінің мұғалімі, облыстық білім департаментінің бас маманы, Қарасу ауданы білім бөлімінің басшысы, Лисаков қаласының білім бөлімінің басшысы, Федоров ауданы әкімінің орынбасары, облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және басшының міндетін атқарушы лауазымдарында болды.

Соңғы жаңалықтар