Қостанай облысының дарынды жастар пулы құрылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Таланттыларды басқару» кешенді жобасы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы жобаны Мемлекеттік қызмет істері департаменті қолға алып отыр. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару саласын жетілдіруге ықпал ететін бастамашыл, жауапты және креативті жастарды іздестіру. Сондай-ақ департамент жастар арасында мемлекеттік қызметке деген оң көзқарасты қалыптастыруды көздеп отыр. Тиісінше жас буын өкілдері өздерінің инновациялық жобаларын іске асыруғамүмкіндік алады.

«Жоба аясында Қостанай облысының таланттар пулы құрылды. Оған «Алтын белгіге» үміткер 11-сынып оқушылары, «Алтын белгіге» ие жоғары оқу орындарының студенттері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері енді. Бұл тізім әлі де дарынды жастармен толықтырылады. Күні кеше облыстың талантты жастары интернет арқылы бас қосып, ұсыныстарын жеткізді», - дейді Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Асхат Ескендіров.

Департамент басшысы бұл жобаның өскелең ұрпаққа берері мол деп отыр. Пулға кірген жастар өңірдің еңбек нарығына айтарлықтай үлес қоспақ.


Соңғы жаңалықтар