+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанай облысының дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді

2020 жылғы 11 шілде 15:24
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындау үшін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов дәріхана желілері мен көтерме сату фирмаларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған Қостанай облысына дәрі-дәрмектің кезекті партиясы жеткізілді

ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс басшыларына толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді етуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі ірі дәріхана желілерінің басшыларымен кездесіп, жұмыс барысын талқылады. Дәріханалардағы аса қажет дәрілік заттардың болуы және қолжетімділігі – басты міндет. Осы мақсатта Қостанай облысының дәріхана желілеріне жалпы сомасы 300 млн теңгеге қайтарымды қаржылық көмек көрсетілді. Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бұл қаражат ыстықты түсіретін антибиотиктер, вирусқа қарсы дәрілер, антикоагулянттарды сатып алуға бағытталатын болады.


Тиісінше, дәріханалар бұл қаржыны қандай да бір сыйақысыз 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қайтара алады.

Қостанай қаласының емханаларының жанынан мобильді бригадалар құрылды, олардың әрқайсысының құрамында дәрігер және медбике болады. Мобильді топтар амбулаториялық емдеуде, үй карантиніндегі адамдарға, симптомсыз науқастарға қызмет көрсетеді, егер қажет жағдайда дәрі-дәрмектерді тегін жеткізетін болады. Арнайы топтар таңғы сағат 8-ден түнгі 24-ке дейін жұмыс істейді.

Облыс әкімдігі мобильді топтарды көлікпен қамтамасыз етуге қаражат бөлді. «Народное» такси желісі бұл мақсатқа 12 көлік дайындады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT