Қостанай облысының бірнеше ауданында орманды-далалы алқаптар өртенуде

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бірнеше жерде дала өрті шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Қарабалық ауданындағы Лесное ауылында дала өрті басталды. Белгілі болғандай, 30 га алқапта құрғақ шөп және 2,2 га аумақта қайың үгінділері тұтанды. Шығын көлемі анықталу үстінде. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. 

«Бұдан бөлек, Қарабалық ауданының Ресей Федерациясымен шектесетін тұсында 45 га аумақта құрғап шөп пен 3 гектар жерде қайың үгінділері тұтанды. Төтенше жағдай әлі ауыздықталған жоқ. Федоров ауданындағы Вишневый ауылында басталған орман өрті де әлі жалындап жатыр. Аумағы анықталуда. Шығын көлемі белгісіз», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бүгін сонымен қатар, Қостанай ауданының Зотобол кентінен 45 шақырым жерде орман өрті басталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың жайылу қаупі жоқ. 

Соңғы жаңалықтар