Қостанай облысының бас архитекторы ауысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңесте Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай өңірі басшысының өкімімен облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Нұрлан Жеңісұлы Қатарбеков тағайындалды.

Ол 1981 жылы 19 шілдеде Қостанай қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. Еңбек өтілі 2003 жылы Қостанай облысының қаржылық бақылау басқармасынан басталды. 2016 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

Нұрлан Қатарбеков жаңа қызметіне дейін облыс әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар