Қостанай облысының аумағында заңсыз жүрген 10 шетел азаматы жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының аумағында заңсыз жүрген 10 шетел азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мигрант» жедел іс-шарасы шетелдіктер тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу және сот шешімін орындамағандарды анықтауға, заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың алдын алуға бағытталған.

Өткен екі күн ішінде тәртіп сақшылары елде заңсыз жүрген 10 шетел азаматын әкімшілік жауапқа тартты. Оның екеуі Қазақстан Республикасынан шығарылды.

«Шетелдіктердің келгені туралы уақытылы хабарламаған 19 азамат да әкімшілік жауапқа тартылды. Жітіқара қаласында Өзбекстан Республикасы азаматын заңсыз еңбекке жеккен жергілікті тұрғын анықталды. Заңды бұзған өзбек азаматына да, жұмыс беруші қазақстандыққа да айыппұл салынды.

Қостанай қаласы Көші-қон қызметкерлері «Даму» қоғамдық қорымен бірлесіп, облыс аумағында 2019 жылғы мамырдан бастап жүрген осы Өзбекстан Республикасының азаматын еліне қайтару бойынша жәрдем көрсетті», делінген полиция ақпаратында.

Көші-қон қызметкерлері айтқандай, Қостанай облысы аумағына келген шетелдіктер алдымен құқықтық мәртебесін реттеуі тиіс. Егер белгіленген мерзім ішінде ереже бұзылса, әкімшілік жаза қолданылады.

Соңғы жаңалықтар