Қостанай облысының аудандық сот төрағасы 4 жылын түрмеде өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының төрағасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті бұрын Әулиекөл аудандық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын жария еткен.

«Осы жылдың 27 мамырында Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен ол лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану мен көрiнеу әдiлетсiз сот шешімін шығару фактілері бойынша кінәлі деп танылды», - делінген агенттік хабарламасында.

Осылайша, сот төрағасы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 4 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Соңғы жаңалықтар