Қостанай облысының әкімі рейтинг бойынша әріптестерінен қалмауға уәде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов әкімдер рейтингіндегі бәсекелестеріне жетіп алуға уәде берді.

Қостанай облысының басшысы ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың бұған дейін айтқан пікірімен келісетіндігін, яғни рейтингтер кем дегенде жарты жылда бір рет жасалуы тиіс екендігін атап өтті. Себебі, бір айда ахуал өзгере қоймайды.

«Рейтингте менен жоғары тұрған әріптестерім үшін қуаныштымын. Оларға қарай бой түзеп, жұмысымның қарқынын арттыруға тырысатын боламын»,-деді әкім.

Соңғы жаңалықтар