+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қостанай облысының әкімі өңірде коронавирустың өршу себебін атады

2020 жылғы 26 қараша 17:31
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының әкімі өңірде коронавирустың өршу себебін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирус жұқтыру жағдайларының неліктен жиілеп кеткендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің атап өтуінше, биыл өңірде денсаулық сақтау саласын дамытуға 78 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылы жұмсалған қаражаттан 1,5 есеге көп.

«COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай сын-тегеуірінге айналып отыр. Бұл бағытта біздің атқарар істеріміз де көп десек болады. Облыста коронавирус инфекциясының 4 913 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта науқастарды емдеу ісіне 19 стационар жұмылдырылып, оларда 967 төсек-орын әзірленген. Қажеттілік туындаған жағдайда төсек-орын санын 3 мыңға жеткізе аламыз. Бүгінде төсек-орындар жүктемесі 33 пайызды құрайды», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар ол өңірде коронавируспен ауырған тұрғындар санының неліктен артып отырғандығын түсіндіріп берді.

«Коронавируспен ауру өсімі ең алдымен Ресей Федерациясымен шектесуімізге байланысты болып тұр. Қазіргі уақытта ол жақта коронавируспен ауру өсімі жоғары екені белгілі. 1,5 мың шақырымға созылатын шекарада 7 автомобиль өткелі бар, оның төртеуі негізгі саналады. Олар арқылы тек 6 қазанда ғана шамамен 30 мың адам келді. Бұл республикаға автомобиль өткелі арқылы өткен барлық жолаушының 15 пайызға жуығын құрайды. Сырттан келгендерүшін 412 төсек-орын бар 6 карантиндік стационар әзірленген. Оларға ПТР теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жолаушылар жатқызылады», - деді Архимед Мұхамбетов.

Естеріңізге сала кетек, Қостанай облысында коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты 9 қарашадан бері 3 аптаға карантин шаралары қатаңдатылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT