Қостанай облысының 99 елді мекенін су басу қаупі бар

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы аптада Қостанай облысында күн күрт жылынып, тасқын судан төнетін қауіп күшейді. Қызыл су бірнеше өңірді әбігерге салуы мүмкін.

«Қазіргі күні 99 елді мекенді су шайып кетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік, орталық және батыс өңірлерінде қар жамылғысы толық еріген. Өзен-көлдердегі су деңгейі жоғарылаған. Құтқарушылар қауіпті деген аймақтарда су бұру, айдап шығару жұмыстарын қолға алды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Облыс аумағы екі рет әуе арқылы барланды. Өзендердегі мұз жару жұмыстары жалғасуда. Биыл жарылыстар былтырға қарағанда екі есе артық орындалды», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

ТЖД Қарасу ауданының су айдындарында қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұған температураның күрт жоғарылауы және егістіктердегі қар қорының жылдам еруі себеп.

Өткен демалыс күндері Қарасу ауданындағы Құндызды өзенінде 6 жарылыс жұмысы өткізілді.


Соңғы жаңалықтар