Қостанай облысының 7 ауданында көппәтерлі тұрғын үй салынады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында құрылыс саласында 5,1 млрд теңгеге 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, биыл өңірде тұрғын үй саласы бойынша 7 ауқымды жоба іске асырылады.
«Жобалар Амангелді, Денисов, Наурызым, Федоров, Жітіқара, Меңдіқара аудандарында қолға алынды. Бұл мақсатта 1, 1 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде, Денисов ауданы Денисовка селосындағыы ғимаратты тұрғын үй етіп қайта салу үшін 101 млн теңге бөлінді. «Экспо Транс» ЖШС мердігер ұйымы арқылы 29 млн теңге игерілді. Демонтаж жұмыстары толығымен орындалды, қабырғаларын қалау, терезелерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысан алдағы күзде тапсырылады. 119,6 млн теңге Амангелді ауданының Амангелді ауылындағы 18 пәтерлі тұрғын үй ғимаратына жұмсалады. Қазірдің өзінде «Алюминстрой» ЖШС жөндеу жұмыстарына 99,7 млн теңге игерді. 484 млн теңге Жітіқара қаласындағы 4 шағын ауданның № 33 көппәтерлі үйін қайта салуға бөлінді. Үй 2020 жылғы желтоқсан айында пайдалануға беріледі», - дейді Берік Таңжарықов.
Биыл Федоров ауданында 24 пәтерлі тұрғын үй салынады. Бұл үйдің бой көтеруі өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Себебі, ауданға келетін жас маманның басты сұранысы – тұрғын үй. Нысанның мердігері – «Статус Трейд» серіктестігі.
Қазір құрылысшылар 74,4 млн теңге жұмсаған. Іргетас блоктары мен жертөлелердің қабырғаларын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
- Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
- Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді
-
Тараз мектебінде жұмыста жоқ медбике мен психологқа айлық төленіп келген
-
Қарағандыдағы көпқабатты үйде 7 адам иіс тиіп уланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам