Қостанай облысының 5 ауылы картадан алынып тасталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар шешімімен облыстың 5 ауылы қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәслихат депутаттары Қостанай облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына түзетулер енгізді. Соның бірі – облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер. Атап айтқанда, Қостанай ауданының Янушевка, Денисов ауданының Чебендовка, Әулиекөл ауданының Киров, Қарасу ауданының Братское және Күлеңсай ауылдары облыс картасынан алынып тасталды.

Депутаттардың сөзінше, олардың барлығы ірі елді мекендерге қосылған. Тағы сондай төрт ауылдық округ ауыл санатына енді.

Соңғы жаңалықтар