+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қостанай облысының 240 ауылында мемқызметшілер жеткіліксіз

2020 жылғы 27 ақпан 20:46
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының 240 ауылында мемқызметшілер жеткіліксіз

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының ауылдарында кадр тапшылығы байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Асхат Искендиров мәлісм етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында қандай шектеу шаралары енгізілді Қостанай облысында 291 адам карантинде жатыр Қостанайда коммуналдық тарифтер төмендеді

Қостанай облысының 20 қаласы мен аудандарында 734 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оларда 6254 мемлекеттік қызметші бар. Алайда ауылдық жерлерде кадр тапшылығы байқалады.

«Облыстың мемлекеттік органдарында 562 бірлік бос орын бар. Барлығы 240 ауылда мемлекеттік қызметшілер жеткіліксіз. Әсіресе Қостанай, Федоров, Қарабалық және Бейімбет Майлин аудандарына маман қажет. Жалпы, өңірде мемлекеттік қызметшілердің сапалы-кадрлық құрамының деңгейі жоғары. Мәселен, қызметкерлердің 89%-ның жоғары білімі бар, мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі 10,7 жылды құрайды. 29 жасқа дейінгі 1252 адам жұмысқа тұрған», - деді департамент басшысы.

Мемлекеттік қызметші көпке үлгі болуы тиіс. Осы ұстанымды қолдайтын Әдеп жөніндегі кеңес былтыр 13 отырыста 61 мәселені қараған. Нәтижесінде 18 мемқызметші жауапқа тартылды. Оның үшеуі атқаратын лауазымынан босатылған.

«Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау бойынша заңнама талаптарын сақтау – басты жұмысымыз. Осы бағытта бақылауды жүзеге асыру шеңберінде Департамент қызметкерлері арасында сауалнама, талдаулар мен мониторингтер өткізіп тұрамыз. Былтыр қызметшілердің еңбек өтілінің дұрыс есептелмеуіне байланысты 1 млн 200 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сонымен қатар 300 мың теңге іссапар шығындары төленбеген. Бұл мәселе ретке келді», - деп мәлімет берді Асхат Искендиров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT