Қостанай облысындағы жолдардың 40 пайыздан астамы көңіл көншітпейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы жолдардың жартысына жуығы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы өңірдің әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

«Облыста автокөлік жолдарының ұзақтығы республика бойынша арақашықтығы ең үлкен өңір болып табылады және ол 9,5 мың шақырымға созылып жатыр. Жолдардың 43 пайызын қанағаттанарлықсыз жағдайда деп санаймыз», - деді әкім.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2014 жылы орта жолдарды, елді мекендердің көшелерін қайта жаңғыртуға, жөндеуге, 18,1 млрд. теңге бағытталды. Өткен жылмен салыстырғанда, бюджеттік қаражат көлемі 8 пайызға өсті. Жалпы биылғы жөндеу жұмыстарынан кейін өңірде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі тағы 3 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар