Қостанай облысындағы жолда қар құрсауында қалған жүзден астам адам құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Демалыс және мереке күндері құтқарушылар жолда қар құрсауында қалған жүзден астам адамды құтқарды. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының ТЖД-на сілтеме жасап.

Қостанай облысында демалыс және мереке күндері 6 және 9 наурыз аралығында ауа райына байланысты еркерту жарияланған. Осыған байланысты өңірдегі жолдара құтқару жұмысы жүргізілді.

«6 наурызда таңғы сағат 10:50-де Боровской-Каскад аудандық жолдың 24 шақырымында екі адам құтқарылды. Қарда қалған көлік жолдың тазартылған жағына шығарылды. Адамдар медициналық көмекті қажет етпеді. 7 наурызда сағат 20:45-те Арқалықтың №4 мамандандырылған өрт бөлімшесіне Арқалық-Державинск тасжолының 50 шақырымында 60 жолаушысы бар 20 автокөліктің жиналып қалғандығы туралы жедел хабар түсті. 22:55-те жол талғамайтын көліктегі құтқарушылар эвакуация орнына келіп, 20 жолаушыны құтқарған. Олардың қатарында сегіз бала болды. Құтқарылғандар Арқалыққа жеткізілді. Олардың ешқайсысы жарақат алмаған және медициналық көмекті қажет етпеген», - деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар 8 наурыз – мереке күні де адамдарды эвакуалиялады. Бұл күні Арқалықтан 90 шақырым жерде Жезқазған-Петропавл тасжолында қар құрсауынан бес адам құтқарылып, екі техника шығарылды. Сонымен қатар Фурманово ауылының маңында «Жезқазған-Петропавл» республикалық жолында қар құрсауынан 20 адам шығарылды. Жолаушылар Арқалыққа ыстық тамақ берілетін жылыту пунктіне жеткізілді.

«9 наурызда 1983 жылғы азаматша отбасымен бірге Жетіқара-Чайковский тасжолында тұрып қалғандығы туралы хабарлады. Оларға жақын жерде тағы бір адам жолда қалған. Құтқарушылар жолаушыларды аман-есен Жітіқара қаласына жеткізді. Тағы да бұл күні Әулиекөл ауылынан 38 шақырым жерде «Әулиекөл-Москалевка» автожолында төрт адам құтқарылды», - деп мәлімдеді ведомствода.

Облыстың ТЖД азаматтардан ауа райы қолайсыз кезде үйден шықпай, елді мекендерден алыс кетпеуін сұрайды.


Соңғы жаңалықтар